Тұңғыш Президент күні

ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІНДЕ

24.11 — 3.12. 2015 күндер аралығында «Тұңғыш Президент күні» мерекелік іс-шарасы аталып өтілді

 
 
«Тұңғыш Президент күнін» мерекелеу онкүндік жоспары таныстырылып, мерекелік  байқаулар жария етіліп, хабарландырулар ілінді.
«Н.Ә.Назарбаев – Ғасыр адамы» атты тақырыпта кафедра меңгерушілерінің ұйымдастыруымен тәлімгер арасында ой толғау жүргізілді. Онда Назарбаевтың ғасыр мерзіміндегі игі істері, жаңа бастамалары мен білімге, ғылымға енгізген орасан зор бағдарламаларының артықшылығы туралы ой толғаулары айтылды.
«Тәуелсіз елдің тірегі – Елбасымыз!», «Н.Ә.Назарбаев – Ғасыр адамы» тақырыбында   деп аталатын барлық топтарда ашық тәрбие сағаттары өткізілді. Онда Н. Назарбаевтың бала күнінен – елбасы болғанға дейінгі атқарған жұмыстары мен елге еткен адал еңбегі суреттелген плакаттар мен бейнероликтер студенттер арасында кеңінен көрсетілді.  «Тұңғыш президент күнін» атап өтуге  барлық оқытушылар мен топ студенттердің патриоттық рухын көтеру мақсатында Қазақстан Республикасының Әнұранынан басталып, колледждің жастар ісі жөніндегі комитеті Тұрабек Назерке дайындаған «Ғибратқа толы ғұмыр» деп аталатын тарихи,  құнды баяндамасы тыңдалды.
«Ел мұратын арқалаған – Елбасы»  деп аталатын студенттермен диспут өткізілді. Оған барлық топтың лидерлері қатысты. Сонымен қатар колледждің спорт мамандығының студенттері футболдан топтар арасында сайыс өткізді. Оқушылар арасында «Мен өз елімнің патриотымын!» деп аталатын өлең оқудан сайыс болып өтті.
«Филология» кафедрасының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушыларының бастамасымен «Біздің көшбасшымыз», «Менің елім, сүйікті Отаным!», «Тұңғыш Президент» күні, деп аталатын тақырыптастуденттермен шығармашылықты дамыту мақсатында «Ең үздік шығарма» номинациясы бойынша шығарма байқауы ұйымдастырылды. Үздік шығарма иегері мақтау қағаздарымен марапатталды.
Колледждің білімді жастарының ұйымдастыруымен «Әлем таныған — Қазақстан» тақырыбында студенттермен дөңгелек үстел өткізілді. Ал, іс-шараның соңында «Жасай бер, жаса, Қазақ елі!» атты колледждің дарынды да талантты жастарының концерттік бағдарламасымен қорытындыланды.
 
Дайындаған: ТІЖ орынбасары: Е.Ү.Байсейтов
 
 

0 комментариев

Оставить комментарий