Құрметті Қазақстандықтар! Жаңа жылда Сіздерге жаңа жетістіктер мен кәсіби табыстар тілеймін.

Құрметті Қазақстандықтар!  Жаңа жылда Сіздерге жаңа жетістіктер мен кәсіби табыстар тілеймін. Бұл жыл жақсы өзгерістерге, қуанышты кездесулерге толы болсын.  Жаңа жыл әрбір шаңыраққа бейбіт өмір, тыныштық және мол жақсылықтар әкелсін.
     Адам баласы жаңа жылдан көп жақсылық күтеді, жаңа жылға көп үміт артады. Армандарыңыз бен тілектеріңізге қосыла отырып өткенге риза болып, жаңа жылға бәріміз таза ниетпен, нық қадаммен аяқ басайық. Жаңа жылға елмен бірге жаңа табыстарға жете берейік! Сіздерге зор денсаулық, мол бақыт, жанұяларыңызға аманшылық пен бақ-дәулет тілеймін. Еңбектеріңіз жемісті, өмір жолдарыңыз сәттіліктер мен табыстарға толы болсын.
     2016  жылда отбасыларыңызға құт-береке, қызметтеріңізге өрлеу тілеймін. Алдағы жыл Сіздерге тек оң өзгерістерімен, ұмытылмас сәттерімен  қуантсын.
     Ортақ шаңырағымыздың жарқын келешегі үшін еңбектеніп жүрген барша қазақстандықтарымызға бейбіт өмір, тыныштық, мол жақсылық тілеймін.




   Поздравляю всех Казахстанцев  с Новым годом!   Желаю, в Новом году успехов в труде. Здоровья, счастья. Чтобы был мир, Единства всех народов, вера в будущее.  Новый год – чтобы был годом единения всех наций и народностей. Каждой семье достатка и здоровья. Поздравляю всех Казахстанцев с Новым годом! Пусть будет мирное небо над головой.

0 комментариев

Оставить комментарий