Семинар хаттама

«Педагог мамандарды даярлау: оқу және ғылыми әдістемелік жаңару бағытының  іс тәжірибесі» атты облыстық  үлгі  тәжірибелік семинарының   /28.01.2016ж/  №410 дәрісханада «Филология –қоғамдық гуманитарлық пәндер» секциясы бойынша жүргізілген жұмыстардың қорытынды
Хаттамасы
«Филология» бөліміне қарасты пән оқытушыларының  панорамалық сабақтар топтамасы. Пән оқытушылары: Артықбаева А.Сауранбаева С.Амирова Л. Марзабаева Н.
  1. Коучинг-сессия. Мастер класс.  Шымкент қалалық тілдерді оқыту орталығының  тренерлері. «Мемлекеттік тілді және үш тілде оқыту бағыты»
  2. Бименова М. «Өрлеу» АҚ ПҚБАИ  ОҚО филиалы  халықаралық деңгейдегі тренері. «Қазіргі сабақты ұйымдастыру формалары»
     
Жалпы  секцияға 57 /елу жеті/ жетекші мамандар, әдіскерлер мен оқытушылар, мұғалімдер қатысты. «Филология» бөліміне қарасты пән оқытушыларының «тәжірибе тарату» және «тәжірибе алмасу» мақсатында көрсетілетін панорамалық сабақтар топтамасын үш оқытушы көрсетіп, өзіндік тәжірибелерін ұсынып, жариялады. Олар  : Артықбаева А- қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы, Амирова Лаззат-ағылшын тілі пәнінің оқытушысы, және  Марзабаева Нурбу- орыс тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы. Қазақ тілі пәнінің оқытушысы Сауранбаева Сәрсенкүл.
Жалпы қатысқан оқытушылар мен әдіскерлер  өтілген сабақ туралы өздерінің пікірлерін жазбаша және ауызша талдап, сараптап, қорытындылады. Әрбір сабақтан алған әсерлері мен ұсынылып отырған тақырыптың маңыздылығын, жариялаған проблемалық тақырыптардың бүгінгі таңда дұрыс көтеріліп отырғандығын, оларды оқытудағы әдіс-тәсілдердің тиімді қолданылып отырғандығын  қатысушылар атап өтті.
Шымкент қалалық тілдерді оқыту орталығының көрсеткен мастер класс топтамалары да қатысушыларға ерекше әсер қалдырды. Түрлі тіл туралы, оны оқытудағы қиындықтар туралы сұрақтарға тренерлер толыққанды жауап берді. Тіл оқытудағы қиындықтармен бөлісіп, тәжірибе алмасуға  түрлі сұраныстар түсті.
«Өрлеу» АҚ ПҚБАИ  ОҚО филиалы  халықаралық деңгейдегі тренерлері «Қазіргі сабақты ұйымдастыру формалары» атты тақырыпта арнайы дайын жоспарлар мен олардың үлгілерін көрсетіп, тиімділігі мен жеңілдігін атап көрсете білді. Осындай тәжірибе алмасу семинарларының көптеп өткізілу қажеттілігі айтылып, ұйымдастырушы оқу орнына алғыс білдірді.
Шешім:
  1. Аудан –ауданнан келген мамандарға семинарға белсене қатысқаны  үшін сертификаттар беруге;
  2. Облыстық көлемде тәжірибе алмасу семинарында жақсы сабақ көрсеткен, тәжірибе алмасуда белсенділік танытқан жоғарыда аталған ОҚПК  пән оқытушыларын «Марапаттауға» ұсыныс жасады.
 
 
Секция жетекшісі :                     А.Артықбаева.
Хатшы :                                        А.Ақжанбаева.
 

0 комментариев

Оставить комментарий