Шымкент қаласындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық колледжі базасында 2016 жылдың 27 қаңтарында өткізілетін облыстық үлгі тәжірибелік семинарының ЕРЕЖЕСІ

Семинар тақырыбы:  «Педагог мамандарды даярлау: оқу және ғылыми- әдістемелік жаңару бағыты іс тәжірибесінен»
Өтілетін орны:                   ОҚПК, Шымкент қаласы
Мерзімі:                              27 қаңтар 2016 жыл
Қатысатындар:  ОҚО бойынша педагогикалық колледждер әдіскерлері мен оқу әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасарлары, қазақ тілі және әдебиеті, дене тәрбиесі, бастауыш сынып, технология пәндері оқытушылары.
Әлеуметтік серіктестер:      — өңірдегі ЖОО –  ғалымдары,
ОҚО тілдерді дамыту басқармасы, қалалық бөлімдер мен орталықтар –  жетекші мамандары,
“Өрлеу” АҚ ПҚБАИ ОҚО филиалы –  халықаралық деңгейдегі тренер 
Шымкент қалалық білім бөлімі – маман 
ЖОМ, лицей, гимназия  – 20 оқытушы 1,2,3 деңгейлі мамандар және 1 ғылыми әдістемелік істер жөніндегі орынбасар 
“Педагогикалық шеберлік орталығы” НЗМ  ДББ ОҚО бойынша филиалы – 1 менеджер 
Шымкент қалалық тілдерді дамыту орталығы-2 жетекші маман

Жалпы Ереже 
Үлгі тәжірибелік семинар ОҚО білім, жастар саясаты, тілдерді дамыту басқармасының 2015 – 2016 оқу жылы жоспарына және Оңтүстік Қазақстан педагогикалық колледжінің 2015 – 2017 жылдарға арналған «Даму жоспарына» сәйкес өткізіледі
Семинар ұстанымдары:
Қазақстан Республикасы стратегиялық  дамуының 2050 жылдарға дейінгі мәңгілік ел мұраттары мен тағылымдары сабақтастығын;
ҚР білім жүйесін дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асырудың;
ҚР Үкіметі Қаулысымен бекітілген 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаның І кезеңінде жүзеге асырылатын техникалық және кәсіби білім беруді дамытудың басым бағыттарын аймақ, республика және әлемдік кеңестікте техникалық  және кәсіби білім жүйесіндегі инновациялық –индустриалдық интеграциялау мүмкіндіктері мен қажеттіліктері аясында жүзеге асыру, дамыту болып табылады.
 
 
2.Семинардың мақсаты: 
  • Болашақ мамандардың зиялы әлеуетін қалыптастырудағы ғылыми-әдістемелік, мақсатты –бағдарлы зерттеулер топтамасын сараптап, талдап кәсіби білім жүйесіндегі отандық озық тәжірибе ретінде қолданысқа ұсыну;
  • Оқыту және оқу әдістемесіне енгізілген педагогикалық технологиялар, интерактивтік әдістер мен тәсілдердің сапалы білім кепілі ретінде насихаттау;
  • ОҚПК ұжымының озат педагогикалық іс тәжірибесін аймақтағы әріптестерге тарату мақсатындағы тәжірибе алмасу;
  • Әріптестер арасында 2014-2015 оқу жылында  баспадан жарыққа шыққан ОҚПК оқытушыларының оқу әдістемелік көмекші құралдардың тұсаукесер рәсімін жасау, прайс парағын тарату.
3.Семинардың міндеттері:
  • Болашақ педагог мамандардың құзыреттілік біліктіліктерін қалыптастырудың іс-тәжірибелік жаңару жүйесін кеңейту;
  • Сапа менеджменті аясында тиімді басқару, сапалы білім беруді қамтамасыз етудің инновациялық практикадағы жүйеленген сыналған өнімді педагогикалық тәжірибелерін анықтау және тарату;
  • Кәсіби білімді жетілдіру аясында сала қызметкерлерінің үздіксіз білім жүйесін қалыптастыру әдістемесі және өз бетімен біліктілік көтеру үдерісінің кемел келешегіне, жоғары деңгейлігіне қарай бағыттау және ынталандыру.
  • Жаңару бағытындағы жұмыс эталондары, табыс өлшемдері, желілік қауымдастықты бағалаудың жүйесіндегі өзін-өзі бағалау, талдау критерийлерін дамыту бойынша тәжірибе алмасу.
4.Үлгі тәжірибелік семинар жұмыс тәртібі: қазақ, орыс тілдерінде жүргізіледі
5.Үлгі тәжірибелік семинар жұмысы 2 бағыт бойынша ұйымдастырылады:
  • Оқу әдістемелік
  • Ғылыми әдістемелік
Секция жұмыстары:
  • Педагогика және жеке әдістемелер
  • Филология және қоғамдық гуманитарлық пәндер
  • Жаратылыстану. Математика.Информатика және арнайы пәндер.
6.Үлгі тәжірибелік семинар жұмысына қатысушылар
ОҚО аумағындағы және Шымкент қаласындағы үлгі тәжірибелік семинар тақырыбына қатысты маңызды нәтижелері дәйектелген шығармашыл тұлғалар: ЖОО және ТжКБ мекемелерінің ғалымдары, профессорлары, ғылым кандидаттары, магистранттар, оқытушылар, ЖОМ және гимназия базаларындағы озат тәжірибелі мұғалімдер, оқу шеберлері, әдіскерлер, халықаралық деңгейдегі тренерлер, менеджерлер т.б.
 
7.Семинарды ұйымдастыру – үйлестіру алқасы:
7.1.Үлгі тәжірибелік семинарының дайындығына және өткізілуіне Оңтүстік Қазақстан педагогикалық колледжі әдістемелік кеңесі  және ұйымдастыру-үйлестіру алқасы жауапты.
Ұйымдастыру – үйлестіру алқасының құрамы:
1.Юнусов И.Б. -  төрағасы
2.Ибрагимова Г.Ж.  – төраға орынбасары
3.Коздибаева Ә.К. -  үйлестіруші
4.Артықбаева А. А.– үйлестіруші
5. Абулкасымова Г.М.- мүшесі
6.Байсейітов Е. Ү. – мүшесі
7.Имамурасулов А. — мүшесі 
8.Ибраева Л. – мүшесі
9.Орунова Н. – мүшесі
10.Мырзабаева Н. – мүшесі
11.Ташимова А.  – хатшы
7.2 Ұйымдастыру – үйлестіру алқасы үлгі тәжірибелік семинар дайындығына және өткізілуіне байланысты іс-шараның дұрыс орындалуын анықтайды, бақылайды, конференция нәтижесін талдайды, конференция қорытындысын насихаттауды жүзеге асырады БАҚ-қа, ОҚПК сайтына жариялайды.
7.3.  Ұйымдастыру – үйлестіру алқасы үлгі тәжірибелік семинарға ұсынылатын ашық сабақтар мен оқу әдістемелік көмекші құралдардың ғылымилығын және практикалық маңыздылығын анықтайды, семинарға қатысушыларға тәжірибе алмасу мақсатында ұсынылады.
7.4. Үлгі тәжірибелік семинарға қажетті ресурстармен қамтамасыз ету, аудио, видео, ақпараттық технологиялармен жабдықтау, безендіруге байланысты жұмыстардың ұйымдастырылуына басшылық жасайды.    
8. Үлгі тәжірибелік семинарын өткізудің тәртібі мен реттілігі
8.1. ОҚПК ғимаратының 305, 306 бөлмелерінде «Әдістемелік көрме» жұмысы ұйымдастырылады. Қатысушыларға арналған сауалнама тренингтер арқылы жарнама тұсаукесері өткізіледі /15 мин. Л.Ибраева, А.Артықбаева/
8.2. ОҚПК акт залында семинардың ашылу салтанаты және пленарлық мәжіліс өткізіледі «Ғалымдар трибунасы»- өңірдегі ЖОО ғалымдары мен бірлестікте ашық баспадан жарыққа шыққан оқу әдістемелік көмекші құралдары «мониторингтік бақылау 2013-2015жж» қатысушылар назарына ұсынылады. /30 мин. Г.Ж.Ибрагимова, А.Коздибаева/
8.3. ОҚПК базасындағы озат тәжірибелі оқытушылардың «Интерактивтік әдістерімен өткізген сабақтарының панорамалық фрагменттер топтамасы ұсынылады./40 мин. Н.Орунова, Н.Мырзабаева, А.Имамурасулов, Г.Абулкасымова/
8.4. Қатысушылар үшін жаңа мазмұнды оқыту әдістемесінен 1,2,3 деңгейлік бағдарламалар және  ҚазТест білім беру жүйес бойынша коучинг-сессия, мастер класс, тренингтер өткізіледі./60 мин. Желілік қауымдастық тренерлері мен менеджерлері, көшбасшылар/
8.5. Семинарға қатысушылармен пікір алмасу, топтық жұмысы «Еркін микрофон», «Автор орындығы» әдіс тәсілдерімен өткізіледі. /30 мин. А.Артықбаева, А.Коздибаева/
8.6. Семинар жұмысын қорытындылау. /20 мин. А.А.Артықбаева /
9. Үлгі тәжірибелік семинардың ұйымдастырудың әдістемелік жаднамасы және шарттары.
9.1. Ұйымдастырушылар үшін қойылатын талаптар:
Оқу және ғылыми әдістемелік жаңару бағытын педагог мамандарды даярлау, құзыреттіліктерді қалыптастыру кеңістігінде пайдаланудың ұтымды тұстарын әріптестерге іс тәжірибе нәтижесімен ұсынады. Заманауи үлгідегі сабақтарды жобалау, жоспарлау, өткізу әдістемесін «Сыни тұрғыдан ойлаудың интербелсенді әдіс тәсілдерімен жетілдіреді. Кембридждің 7 модульдік оқыту және оқу жүйесін, жұмыс эталондарын, табыс өлшемдерін, критериалды бағалауды, желілік қауымдастықтың көшбасшыларымен бірлестіктегі озат тәжірибе үлгісі ретінде таратады. Ғылыми тұжырымдалған оқу әдістемелік көмекші құралдарды «Прайс парақтары» арқылы ұсынады.
Оқу әдістемелік көмекші құралдарды презентациялау, прайс парақтарына енгізу шарттары
  • ISBN болуы, ғылыми кеңес шешімі
  • Сынақ апробациядан өтуі
  • Ашық баспадан жарыққа шығуы
1.Прайс парағына енгізілетін оқу әдістемелік көмекші құралдар өңірдегі колледждерге  ұсынылуы үшін ЖОО мен «Өрлеу» АҚ ПҚБАЙ, Тест орталығы филиалдары ғылыми кеңесі шешімі мен жарыққа шығарылған кітап нұсқасында болуы шарт.
2. Прайс парағында: кітаптың аталуы, қысқаша аннотациясында қай мамандық бойынша, авторлардың және рецензент пікір берушілердің санаты, академиялық ғылыми дәрежесі, баспадан шыққан жылы көрсетіледі.
Панорамалық сабақтар топтамасын ұйымдастыру шарттары:
  • Интерактивті тақтада демонстрациялануы
  • Электрондық дискіде жазылуы
  • А4 форматында 14 шрифт Word мәтініде терілуі
Көрме жұмысына қатысу  жаднамасы
  • Ұйымдастырушылар мен қатысушылар үшін:
ОӘК, әдістемелік нұсқау, оқу әдістемелік көмекші құралдарының түптелуі, сыртқы беттерінің ламинатталуы, тиісті ОӘК бекіткен хаттамасы болуы тиіс.
9.2. Семинарға қатысушылар үшін
— тренингтермен коучинг сессияларға идеялар аукционына белсенді қатысу
— сауалнамаларда ұсыныс пікірлерін шынайы қалпында көрсете білуі
— рефлексия
10. Семинарды қорытындылау
Қорытындылау сәтінде қатысушыларға ОҚПК әкімшілігі мен Шымкент қалалық тілдерді оқыту орталығының сертификаттары  үлгі тәжірибелік семинар тақырыбымен беріледі.
 
 
«Педагог мамандарды даярлау: оқу және ғылыми- әдістемелік жаңару бағыты іс тәжірибесінен» тақырыбындағы үлгі тәжірибелік семинарының
БАҒДАРЛАМАСЫ
08:30-09:00 Қонақтарды тіркеу
09:00-09:15 Әдістемелік көрме                         /Л.Ибраева/
09:20-09:30 Семинардың ашылу салтанаты    /И.Б.Юнусов/
09:30-10:00 Пленарлық мәжіліс                       /Г.Ж.Ибрагимова/
10:10-11:10 Панорамалық сабақтар                /Н.Орунова, Н.Мырзабаева,
А.Имамурасулов, Г.Абулкасымова/
11:20-12:00 Тренинг. Коучинг-сессия. Мастер класс.               
/тренерлер, менеджерлер/
12:00-12:15 Топтық жұмыс                             /А.Коздибаева/
12:15-12:30 Қорытынды      бөлім.                 /А.Артықбаева/
 

0 комментариев

Оставить комментарий