«22 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы ұлт тілдері мерекесі»

Филология бөлімінің ұйымдастыруымен өткен «Тіл – достық пен татулық белгісі» атты апталық қорытындысы.
Филология бөлімінің ұйымдастыруымен  өткен 22-қыркүйек Қазақастан Республикасынынң тілдер мерекесіне орай 21.10- 26.10 күндері аралығында «Тіл – достық пен татулық тірегі» атты апталық өтті.Апталықты  елбасымыздың үш тілді оқытудың бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында  филолгия бөлімінің меңгерушісі Нұрлы Мырзабаева қазақ тілінде, орыс тілінде  Б.Искакова, ағылшын тілінде  Н. Тастыбаева ашты.Оқушыларды мерекелерімен құттықтап апталық жоспарымен таныстырып, алдағы өтетін іс шараларда биіктен көрінулеріне саттілік тіледі. Апталықты  Н.Мырзабаеваның тәлімгерлік тобы 316-306-14қ тобының оқушылары «Тіл – рухани байлық» атты ашық тәрбие сағатымен бастады.
 


22.10  күні барлық топтар қабырға газеттерін ілді. 23.10 күні қазақ тілі пәнінің жоғары санатты оқытушысы С.Сауранбаева мен А.Ташимованың жетекшілігімен  «Тіл – ұлттың ең ұлы байлығы» атты көркем сөз оқу сайысы өтті. Сайысқа қазақ тілі мен әдебиет мамандығының 1курс студенті Таубаева Аружан, мектепке дейінгі тәрбие және оқыту мамандығының 1курс студенті Аман Балсезім, аударма ісі мамандығының  2курс студенті Ілесбек Әсел,  бастауыш сыныпты оқыту мамандығының 2курс студенті Нышанбай Әлия, бастауыш сыныпта  шетел тілі мұғалімі мамандығының 1 курс студенті Корбан Олейся, қазақ тілі мен әдебиет мамандығының студенті Балтакулова Қасиет, бастауыш сыныпта  шетел тілі мұғалімі мамандығының 2 курс студенттері Русланова Айда, Серікбай Айдана, Эшметова Шолпан сынды оқушылар қатысты. Нәтижесінде: 1орын –Нышанбай Әлия
2орын- Ілесбек Әсел
3орын- Аман Балсезім иеленді.
Үш тілде диктант жаздыру  нәтижесінде  ағылшын тілінде 1орын Нұрманова Нулифар,қазақ тілінде 1орын Ермұханбет Гаухар, орыс тілінен 1орын  марапатталды.
 Апиалықта филология бөлімінің құрамындағы оқытушылар ашық сабақтар  өткізді. Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің оқытушысы А.Ақжанбаева «Салалас құрмалас сөйлем», орыс тілі пәнінің оқытушысы Б.Искакова «Стиль и речи », ағылшын тілі пәнінің оқытушысы Л.Амирова «The Noun», қазақ тілі пәнінң оқытушысы С.Сауранбаева «Шоқан Уалиханов өмірі мен шығармашылығы», қазақ тілі пәнінің оқытушысы А.Ташимова «Дауысты дыбыстар жүйесі», орыс тілі пәнінің оқытушысы Н.Марзабаева «Творчество Пушкина» тақырыбында ашық сабақтарын өткізді. Колледж оқытушылары өзара сабаққа еніп тәжірибе алмасты.Апталықтың жабылу салтанаты 26.10 күні өтті. Ұйымдастырылған  іс шараларға қатысқан оқушылар алғыс хаттармен, жеңімпаздар мақтау қағаздарымен марапатталды.Апталықтың жабылу салтанатын Ташимова Айнурдың тәлімгерлік тобы 314-14-01 тобының  ұйымдастыруымен концерттік бағдарламамен  жалғасын тапты.
 
Филология бөлімінің меңгерушісі:                           Н.А.Мырзабаева 
 
 





0 комментариев

Оставить комментарий