Жыл- оқытушысы – 2016

2016 жылдың 19 сәуірі күні Оңтүстік Қазақстан педагогикалық колледжінде «Жыл- оқытушысы – 2016 » байқауы болып өтті.
Оқытушылардың педагогикалық шеберліктері мен білім беру әдістерін жаңаша қырынан көрсету мақсатында ұйымдастырылған бұл сайысқа колледждің ең алғыр да білімді оқытушылары қатысты. Олар:
1.Химия пәнінің оқытушысы Туткабаева Сара Дүйсенбайқызы
2. Математика пәнінің оқытушысы Ускенбаева Гулмайра Нұргелдіқызы
3. Педагогика – психология пәнінің оқытушысы Бахризова Севда Исмиханқызы
4 .Құқықтану пәнінің оқытушысы Абдрахманов Жанибек Біржанұлы
5.Тарих пәнінің оқытушысы Хусанова Дилноза Пахриддинқызы
6. Ағылшын тілі пәнінің оқытушысы  Алметова Севара Хамиджанқызы
Оқытушылар жан-жақты педагогикалық шеберліктерін, мамандықтарына деген іскерліктерін, түрлі қиын жағдаяттардан өту шеберліктерін және әрине өз өнерлерін ерекше көрсете білді. Жалпы байқаудың әділ-қазыларының және көрермендердің қолдауымен ең жоғары ұпай жинаған педагогика және психология пәнінің оқытушысы Бахризова Севда- «Жыл оқытушысы- 2016» байқауының жеңімпазы атанды. Барлық оқытушылар өз шеберліктеріне сай номинациялар  иеленді. Сонымен бірге бағалы сыйлықтар ұсынылып, мадақтамалармен марапатталды.  
 
Жеңімпаз оқытушыларды жеңісімен құттықтап, еңбектеріне жеміс пен шығармашылық табыс тілейді!
ОҚПК  әкімшілігі
 

0 комментариев

Оставить комментарий