Тұңғыш Президент күні

ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІНДЕ

24.11 — 3.12. 2015 күндер аралығында «Тұңғыш Президент күні» мерекелік іс-шарасы аталып өтілді

 
 
«Тұңғыш Президент күнін» мерекелеу онкүндік жоспары таныстырылып, мерекелік  байқаулар жария етіліп, хабарландырулар ілінді.
«Н.Ә.Назарбаев – Ғасыр адамы» атты тақырыпта кафедра меңгерушілерінің ұйымдастыруымен тәлімгер арасында ой толғау жүргізілді. Онда Назарбаевтың ғасыр мерзіміндегі игі істері, жаңа бастамалары мен білімге, ғылымға енгізген орасан зор бағдарламаларының артықшылығы туралы ой толғаулары айтылды.
«Тәуелсіз елдің тірегі – Елбасымыз!», «Н.Ә.Назарбаев – Ғасыр адамы» тақырыбында   деп аталатын барлық топтарда ашық тәрбие сағаттары өткізілді. Онда Н. Назарбаевтың бала күнінен – елбасы болғанға дейінгі атқарған жұмыстары мен елге еткен адал еңбегі суреттелген плакаттар мен бейнероликтер студенттер арасында кеңінен көрсетілді.  «Тұңғыш президент күнін» атап өтуге  барлық оқытушылар мен топ студенттердің патриоттық рухын көтеру мақсатында Қазақстан Республикасының Әнұранынан басталып, колледждің жастар ісі жөніндегі комитеті Тұрабек Назерке дайындаған «Ғибратқа толы ғұмыр» деп аталатын тарихи,  құнды баяндамасы тыңдалды.