2016 жылдың 19 сәуірі күні Оңтүстік Қазақстан педагогикалық колледжінде «Жыл- оқытушысы – 2016 » байқауы болып өтті.

Оқытушылардың педагогикалық шеберліктері мен білім беру әдістерін жаңаша қырынан көрсету мақсатында ұйымдастырылған бұл сайысқа колледждің ең алғыр да білімді оқытушылары қатысты. Олар :

1.Химия пәнінің оқытушысы Туткабаева Сара Дүйсенбайқызы
2. Математика пәнінің оқытушысы Ускенбаева Гулмайра Нұргелдіқызы
3. Педагогика – психология пәнінің оқытушысы Бахризова Севда Исмиханқызы
4 .Құқықтану пәнінің оқытушысы Абдрахманов Жанибек Біржанұлы
5.Тарих пәнінің оқытушысы Хусанова Дилноза Пахриддинқызы
6. Ағылшын тілі пәнінің оқытушысы  Алметова Севара Хамиджанқызы
 
Оқытушылар жан-жақты педагогикалық шеберліктерін, мамандықтарына деген іскерліктерін, түрлі қиын жағдаяттардан өту шеберліктерін және әрине өз өнерлерін ерекше көрсете білді. Жалпы байқаудың әділ-қазыларының және көрермендердің қолдауымен ең жоғары ұпай жинаған педагогика және психология пәнінің оқытушысы Бахризова Севда- «Жыл оқытушысы- 2016» байқауының жеңімпазы атанды. Барлық оқытушылар өз шеберліктеріне сай номинациялар  иеленді. Сонымен бірге бағалы сыйлықтар ұсынылып, мадақтамалармен марапатталды. 

Жеңімпаз оқытушыларды жеңісімен құттықтап, еңбектеріне жеміс пен шығармашылық табыс тілейді!
ОҚПК  әкімшілігі
педагогикалық колледжінде
Оңтүстік Қазақстан педагогикалық колледжінде 